Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бес жылы бойы балаларды өлтіріп, олардың қанын ішкен

0 1  019

Кенияда тұрғындар іздеуде жүрген қылмыскерді ұрып өлтірген. Қылмыскер бұған дейін балаларды өлтіріп, қанын ішкені үшін тұтқындалған, бірақ қашып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

20 жастағы Мастен Ванжала 12 және 13 жастағы екі баланың өлімінен кейін тұтқындалған. Тергеу барысында ол бес жыл көлемінде он шақты баланы өлтіргенін мойындаған. Ванжала өзін футбол жаттықтырушысы ретінде таныстырған. Өз құрбанына есірткі беріп, кейін өлтіріп отырған. Кейбірінің қанын ішкенін де айтқан.

Қазанда Ванжала Найробидегі полиция бөлімінен қашып кеткен. Үш күн өткен соң Найробиден 400 шақырым жердегі туған қаласы Бунгома оны оқушылар байқап қалған. Мұны естіген тұрғындар жиналып, қылмыскерді ұрып өлтірген.

Ванжала түрмеден қашқан соң Найробиде қылмыскерге қашуға көмектесті деген айыппен үш полицей тұтқындалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.