Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меруерт Түсіпбаева: Біреуден көңілім қалса, иттің етінен жек көріп кетем

0 376

Меруерт Түсіпбаева сезімі мен өзінің көңілі жайлы айтты. Адамнан көңіл қалса мүлде жек көріп кетем, жаным қаласа жан-тәніммен сүйем дейді. Әнші ішкі жан дүниесінің сырын ақтарды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Меруерт Түсіпбаева ішкі сезімі мен ұстанымы жайлы айтты. Әнші ер мен әйелдің сезімі екі басқа деп түсіндіреді. Бұл ретте жазушының сөзін мысал етеді.

“Әйел сізге қарсы шықса, оны ұмыт. Олар адамды сүйе алады, бірақ кейін жан дүниесі ауысып кетуі мүмкін. Олар сенің тұншығып жатқаныңды, аударылып жатқаныңды көріп тұра береді. Оларға бәрібір болып кетеді”. Жазушы Буковски осылай депті. Мына жазушы керемет жазған екен. Сөзін парақшама қойдым. Мен дәл осындаймын. Адамды жан тәніммен сүйемін, жақсы көремін. Көңіл қалса – иттің етінен жек көремін”, – деп жазды әнші.

Желідегі оқырманның бірі әншінің сөзін қостады. Енді бірі келісе алмады. Өзгелері кеңесін айтып, кек сақтамауды үйретті.

“Арғынның қыздарының мінезі осындай болады, қарғам. Жақсы болсаң жақсымыз, жаман болсаң бір-ақ уақытта санадан сызып тастаймыз”, “Менде тура сондай, 1000% келісем”, “Әйелді соншама қатыгез дегені бәрі бірдей емес қой”, “Менде де осындай кез болады!!! Өте орынды керемет жазыпсыңыз”, “Еркек әйелді сүю керек, әйел емес, сонда әдемі махаббат болады”, – деп жазды желідегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.