Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балалар тарихпен танысты

0 271

Міне, 2 жыл бойы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты арнайы жобасы мемлекеттік тапсырыс негізінде «Шамшырақ – Тараз» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Осы екі жылдың ішінде 110 мүмкіндігі шектеулі бала аталған жобаларға қатыстырылды. Жобаны жүзеге асыруға жоғары білімді және жоғары санатты тарих пәні мұғалімдері келісімшарт негізінде тартылды. Жалпы 300 академиялық сағат қамтылды.

Сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» арнайы жобаны құрастыру мазмұнында елімізде жүріп өткен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар, тауарлар, сауда, мәдениет пен дін жайлы мәліметтер қамтылды.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру барысында осы уақытқа дейін еліміз бойынша киелі жер ретінде 100-ден аса нысан тізімге алынған, оның ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енген тарихи және мәдени ескерткіштер бар.

Жобаға қатысқан балаларға үй жағдайында Жамбыл облысынан анықталып, ұсынылған 8 киелі орын туралы мағлұмат берілді. Балаларға Тектұрмас кешені (ХІV ғ.), Қарахан кесенесі (ХІІ ғ.), Айша бибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.), Бабажы Хатун мазары (ХІ-ХІІ ғғ.), тас мүсіндер тақырыбында дәрістер оқылды.

Дәріс соңында балалар арнайы көлікпен аталған тарихи-мәдени орындарға экскурсияға шығып, білімдерін жетілдіре түсті. Жобаға қатысқан барлық балаларға сертификат табысталды.

Шолпан МАЛШЫБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.