Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балалар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейген

0 315

Елімізде короновирус жұқтырғандардың 30 проценттен астамы – бала.  Мамандардың айтуынша, оларда сырқаттану ауыр жағдайда өтуде деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Елордада қазір 80  бала ауруханада жатыр. Оның  тең жартысы 1 жасқа дейінгілер.  Ал  3 бала жансақтау бөлімінде дейді дәрігерлер.

«Алып келіп жатқан балалардың көбі екпе жасына жетпеген. Барлық баланың қызуы көтеріліп келеді. Құсу да бар, іштері ауырып, өтуі де бар. Тіпті нерв жүйесінің зақымдалуы, менингит, менингит энцефалит сияқты диагноздар бар», – деді №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Роза Өтегенова.

Індетті жұқтыру жағдайы тәулігіне 2 мың 700-ге жетті.  Министрліктің мәліметінше, шілде айында қауіпті індеттен 3 адам қайтыс болған. Ғалымдардың соңғы зерттеулерінің нәтижесінде, омикронның мутацияланған Кентавр субнұсқасы анықталған. Бұл нұсқаны әлемнің 15 елі бақылауға алып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.