Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балаларға жасалған қамқорлық

0 165

Біз Президентіміздің дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауларын асыға күтеміз. Себебі әрбір Жолдауда мемлекет үшін, жеке әрбір азамат үшін пайдалы, халықтың игілігі жолында жақсы мәселелердің іске асырылатынын білеміз. Бұл жолғы Жолдау да осындай қуанышты, елді елең еткізер жақсы жаңалықтарға толы болды. Ал оның біз секілді көпбалалы аналар үшін, ең бастысы, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы еді.

Еліміздің келешегі жастардың қолында деп айтып келеміз. Ал сол жастардың білімді, сапалы да саналы азамат болып қалыптасуы үшін аталған бағдарламаның берері көп. Дәлірек айтқанда, ендігі жерде Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтаушы шоттарына аударылатыны қуантып отыр. Жинақталған қаржы балалардың кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана, білім алуларына жұмсалатын болады.

Шындығында да, жастарға алдымен баспана, содан соң білім керектігі бесенеден белгілі. Жолдауда: «Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», – деуі де көңілге қуаныш ұялатты. Елімізде әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы көптен бері айтылып келеді. Жолдауда әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру туралы айтылды. Міне, бұл да көпшіліктің көкейінен шықты.

Ләззәт САРСЕМБАЕВА, көпбалалы ана Байзақ ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.