Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бала туу деңгейі төмендеген – Қытайда билік түсік жасатуға тыйым салуда

0 150

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы елдегі туу көрсеткішінің тез төмендеуіне байланысты түсік жасатуға ішінара тыйым салғанын жариялады. Алайда кебір белсенділер мен құқық қорғаушылар бұның әйелдерге зиян келтіретінін айтуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап. 

Соңғы онжылдықта Қытай халық санының жылдам өсуін тежеп келгендіктен, қазір елде туу көрсеткіші төменгі деңгейге жеткен. Енді халықтың жасы ұлғайып жатқандықтан үкімет тиісті шаралар қабылдауға көшкен.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ұсынысы бойынша Қытайда жүктілікті тек медициналық себептермен ғана тоқтатуға болады. Сонымен қатар Қытай билігі аналарға әлеуметтік көмек көрсетуді кеңейтуге және бедеулікті емдеуді қол жетімді етуге уәде берді.

Ұлттық комиссия жаңа шара «халықтың ұзақ мерзімді теңгерімді дамуына» ықпал етеді деп есептейтінін айтады.

Биыл Қытайда 10 миллионнан аз сәби дүниеге келеді деп болжануда. Бұл туу көрсеткішінің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін төмендейтінін көрсетеді. Өткен жылы Қытайда 10,6 миллион нәресте дүниеге келсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға аз көрсеткіш.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2023 жылы Үндістанның Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп мемлекет болатынын болжауда.

Гуттмахер институтының мәліметінше, осы уақытқа дейін Қытай түсік жасату саны бойынша әлемде көшбасшылардың бірі болған. Институттың мәліметтері бойынша, Қытайда жоспарланбаған жүктіліктің шамамен 78%-ы түсік тастаумен аяқталады. Ал әлемдік орташа көрсеткіш 61%.

Қытай билігінің мәліметінше, 2015-2019 жылдар аралығында Қытайда жыл сайын орташа есеппен 9,5 миллион түсік жасалған. Ал Гутмахер институты осы кезеңдегі түсік түсіру санын жыл сайын 17,7 миллион деп есептейді.

Қытайда ер адамдар әйелдерге қарағанда 37 миллионға көп болды. ОСыған байланысты елде гендерлік теңсіздіктер де орын алған.

Қытайдағы туу көрсеткішінің төмендеуі халықтың демографиялық қартаюына әкелді. БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің мәліметінше, Қытай халқының саны 2025 жылға қарай азая бастайды.

1980 жылдан 2015 жылға дейін Қытайда бір бала саясаты болды. 2016 жылы ҚХР билігі отбасыларға екі балаға дейін тууға рұқсат берсе, бес жылдан кейін отбасындағы рұқсат етілген бала саны үшке дейін ұлғайтылған.

Қытай билігі қандай шаралар қолдануда?

Бала туу деңгейін арттырудағы жаңа саясат аясында билік әйелдерді медициналық сақтандыруды жақсартуға, декреттік демалысты көбейтуге және үшінші және одан кейінгі балаға қосымша қаражат бөлуге уәде береді.

ЭКО сияқты технологиялар Қытайда әдетте өте қымбат және үйленбеген әйелдер үшін қол жетімді емес. Сол себептен денсаулық сақтау қызметкерлері көмекші репродуктивті технологияны ұлттық медицина жүйесіне енгізуді жоспарлап отыр.

Құқық қорғаушылар түсік жасатуға тыйым салу миллиондаған әйелдерге кері әсерін тигізеді деп есептейді.

«Бұл әйелдердің репродуктивті құқықтары мен дене автономиясын бұзу. Біреуді өз еркіне қарсы, қандай да бір себептермен бала көтеруге мәжбүрлеу – адам құқығын тікелей бұзу. Қытай билігі адамдардың өмірін құрметтеуге және олардың жыныстық және репродуктивті құқықтарына агрессивті және жазалаушы бақылауды тоқтатуы керек», – дейді Amnesty International құқық қорғау ұйымының Қытайдағы маманы Алкан Акад.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.