Батыс Қазақстанда 15 жастағы жасөспірім қыз 17 жасар жігіттен балалы болды. Жас ана алғаш рет жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жаңалық Орал шенеуніктері мен мектеп педагогтерін алаңдатты. Мектеп оқушысымен сөйлесіп, жағдайдың қалай болғаны анықталды. Бірақ, ең бастысы, қыздың өзінің айтуынша, оны ешкім айыптамаған. Ата-аналардың қолдауы көп көмектесті.
«Қазір білім туралы ойланатын уақыт. Өзің үшін өмір сүретін кез. Бірақ мен ерте босанғаныма өкінбеймін, менің балам керемет. Әрине, бұл бәріне тосынсый болды, барлығы таңғалды», – дейді жас ана.
Дәрігерлер қазақстандық әйелдердің мектеп жасында жиі босанатынын мойындайды. Сарапшылардың сөзінше, қыз 12-14 жасында жүкті бола алады, бірақ бала көтеріп, босану – бұл басқа мәселе. Әртүрлі асқынулардың қаупі бар.
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 70-тен астам жасөспірім қыз жүкті болды. Бір жүктілік зорлау нәтижесінде болған. Бұл цифрларды Денсаулық сақтау басқармасы келтіреді. Аймақтағы ең жас ана 14 жаста.
«Бұл қыздарда жүктілік биологиялық болып саналмайды, тіпті диагнозда біз жастық шақтағы алғашқы жүктілік деп жазамыз. Дене әлі мықты емес, жетілмеген, ал жеткіншектерде ересектердегідей мүмкіндік жоқ. Сондықтан оларды босандыру кезінде мұқият бақылау жасалады», – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықов.
Сарапшылар қолжетімді және сауатты жыныстық тәрбиесіз мәселені шешу мүмкін емес деп санайды. Білім басқармасы мектептер мен колледждерде оқушыларға контрацепция шаралары туралы айтады. Жасөспірімдермен кездесуге дәрігерлер мен психологтер келеді.