Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байзақтағы мектептер штаттық режимде жұмыс істеуде

0 345
Жарылыстан кейін зардап шеккен Байзақ ауданының ауылдарында қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Байзақ, Базарбай, Жаңатұрмыс, Көкбастау ауылдарында орналасқан мектептер толығымен қалпына келтіріліп, бірінші қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын болды.
Жібек жолы ауылындағы №5 мектеп ғимараты 1958 жылы салынған. Мұнда 115 бала оқиды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін кей жерлердің төбесі опырылып, қабырғалары, терезе ойықтары бүлінген. Ғимарат апатты жағдайда және күрделі жөндеуге жатпайды. Қазір 150 орындық жаңа ғимараттың құрылысына ЖСҚ дайындалуда. Жер телімі бөлінді. №5 мектеп оқушылары қазір Жібек жолы ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан Жаңатұрмыс ауылындағы мектепке барады. Балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін мектеп автобустары бөлінген.
Қалған мектептер бүлінбеген және штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.
Жамбыл облысы әкімдігі
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.