Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бақытбектің түрмеден шыққанына шын қуаныштымын – Баян Алагөзова

0 194

Белгілі продюсер Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың шартты түрде босап шыққанына шын қуанатынын айтты. Ол бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

«Бұл жыл мен үшін өте табысты әрі қуанышты болды. Жиенді болдым, отбасылық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлем елдерінде өз бағасын алып жатыр. Қазіргі күйеуіме қатысты істе әділдік орнады. Ал бүгін Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. Бір ай бұрын оның өтініші бойынша мен оның босатылуына қарсы емеспін деп қол қойған болатынмын. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды. Мен өте қуаныштымын және оған шын жүректен денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін!», — деді Баян Алагөзова.

Бақытбектің түрмеден шыққанына шын қуаныштымын — Баян Алагөзова / instagram.com/bayanmaxatkyzyБақытбектің түрмеден шыққанына шын қуаныштымын — Баян Алагөзова / instagram.com/bayanmaxatkyzy
Бақытбектің түрмеден шыққанына шын қуаныштымын — Баян Алагөзова / instagram.com/bayanmaxatkyzy

Ал желі қолданушылары Баянның өміріне алаңдап, бұрынғы күйеуінен аулақ жүру керектігін жазып жатыр.

«Сіз мықтысыз, Баян, Иә, дурыс болған екен. Енді сізге зияны тимесе болды. Ол да адам, дұрыс өмір сүруге қақысы бар», «Бақытбектен аулақ болғаныңыз дұрыс. Кім біледі ойында не барын», «Сізді кешірді деп үміттенеміз, Баян сізге бар жақсылықты тілеймін», «Мықты әйелсіз, мұндай қадамға бару үшін де мінез, ерік-жігер керек», — деп жазды желі қолданушылары.

 

2016 жылы 9 жылға сотталған Бақытбек Есентаев бүгін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Экспресс К тілшісі Қонаев қаласында өткен сот отырысына арнайы барып, ақпарат таратты. Бақытбектің түрмедегі кезеңі туралы Экспресс К бұған дейін бірнеше материал жазған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.