Қалалық қоғамдық-саяси газет

БАҚ: Ухань ғалымдары 2018 жылы коронавируcты жарқанаттарға жұқтырғысы келген

0 595

Алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелген Қытайдың Ухань қаласының ғалымдары 2018 жылы үңгірлердегі жарқанаттарға модификацияланған коронавирусты жұқтыруды жоспарлағаны белгілі болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, ғалымдар COVID-19 індеті туралы ресми хабарланғаннан кейін кем дегенде 18 ай бұрын жобаны жүзеге асыру үшін 14 миллион доллар сұраған.

Болжам бойынша, Ухань ғалымдары ауа арқылы берілетін модификацияланған коронавирустарды Қытайдағы жарқанаттар тұратын жерлерге енгізбек болған. Осылайша олардан адамдарға берілуі мүмкін аурулардан қорғауды көздеген.

Ғалымдар жануарлардың терісі арқылы коронавирустардың жаңа химиялық жабысқақ ақуыздары бар нанобөлшектерді енгізгісі келген. Мұны Қытайдың Юньнань провинциясының үңгірлерінде жасау жоспарланған көрінеді.

Сондай-ақ адамдарға аурулардың жеңіл жұғуы үшін генетикалық түрлендірілген химералық вирустарын құру қажет болды. Ухань ғалымдары сонымен қатар вирустың адам жасушаларына оңай берілуі үшін жарқанаттардың коронавирустарына өзгерістер енгізуге тырысқысы келген.

Алайда билік мұндай жоба үшін Қытай ғалымдарына қаражат бөлуге бас тартты. Себебі бұл «жергілікті тұрғындарды қауіп-қатер туғызуы мүмкін» еді.

Ұсынған құжаттарға сәйкес, мұндай зерттеуге британдық және американдық сарапшы Питер Дасзак, сондай-ақ Ухань вирусология институтының жетекші вирусологтарының бірі Ши Чжэнли қатыса алатындығын айтады.

Бұған дейін ҚХР Ухань зертханасында COVID-19 пайда болуы туралы теорияларды бірнеше рет жоққа шығарған. Қытай билігі коронавирус эпидемиясы туралы мәліметтерді жариялауға қатысты ашық ұстанымды ұстанатынын бірнеше рет мәлімдеген.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігіндегі Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлады.

Сонымен қатар, алғашқы науқастар жергілікті теңіз өнімдерін сататын базардан табылды. 2020 жылдың қаңтар айының басында Қытайда коронавирустың жаңа түрі белгісіз шыққан вирустық пневмонияның өршуіне себеп болды деп ресми түрде жарияланды. 2020 жылдың 11 наурызында ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс жаңа коронавирустың таралуы пандемияға ұласқанын мәлімдеді.

ДДҰ наурыз айында ұйымның халықаралық сарапшылар тобының коронавирустың пайда болуын анықтау үшін Уханьға сапары туралы баяндамасының толық нұсқасын жариялады. Онда зертханадан шығуы «екіталай» делінген. Сондай-ақ баяндамада коронавирустың жаңа түрі адамға жарқанаттар арқылы басқа жануар арқылы берілуі мүмкін делінген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.