Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баға бағамы бақылауда

0 168

   Әлеуметтік маңызы баразық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қаладағы10 сауда нүктесі(«Магнум», «Small», «Смарт», «Дәмді себет», «Сафият», «Дәмдес», «Гаухар-Фиркан», «Нұрислам», «Алма» «Нурила»), 3 базар(Қайқармет, Ауыл Береке, Коммуналдық базар) және 14 әлеуметтік дүңгіршектерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Сауда орындарының басшыларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме ақысын 10-15 пайыздан асырмау керектігі ескертілуде.

Бүгінде тауар құнын тұрақтандыру үшін «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы тарапынан қала аумағындағы 7 ірі сауда дүкендерінен әлеуметтік бұрыштар ашылды.

Айта кетейік, сауда қызметін реттеу туралы ҚР заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мөлшердентыс асырса,100 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.