Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бұзақылар әрекеті»: Туристер Қайыңды көліндегі шыршалардың діңіне сурет салып бүлдіруде

0 206

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағының әкімшілігі оның аумағындағы ең көрікті жерлердің біріне жасалған зиянкестік туралы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал туристік бағыттың жолында тұрған Қайыңды көлінің ағаштарына әлдекімнің есімдерін қашап жазғаны туралы бейнежазба тараған. Бұл қазақстандықтардың наразылығын тудырып, «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің әкімшілігі өз кезегінде орын алған оқиғаны тексеруге уәде берген.

«Қайыңды көлінде болған оқиға бойынша, біздің саябақтың табиғи ескерткіші – реликті шыршаларға жасалған шабуыл сіздер секілді біздің саябақтың да қатты ашуын туғызды. Көптеген жылдар бойы олар өздерінің сұлулықтарын сақтап тұрды, ал енді кейбір бұзақыларға осындай ой келген», – деп жазды ұлттық парк әкімшілігі өздерінің Facebook парақшасында.

Қазақстандық альпі клубы еліміздегі ең көрікті жерлердің біріне деген зиянкестік көзқарас туралы өз ойларын айтты. Экологтар кінәлілерді тауып, жазалауды сұрайды.

«Табиғат байлығына осындай зиянкестік жасасақ, осындай көзқараспен қарасақ әрі қарай не болады? Алматыдан алты сағаттық жерде орналасқан Қайыңды көлі өзінің әсемдігімен және тұмса табиғатымен танымал. Соңғы уақытта көлге келушілер бейнежазба көп таратады. Видеолар барлық әуесқойларды таң қалдырады. Ондаған жылдар бойы көлдің қақ ортасынан жоғары қарай шаншыла өскен, әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді қызықтырған ғасырлық шыршаларды жоғалтқаннан гөрі саябақты жабу оңайырақ шығар», – дейді клуб мүшелері.

Айта кетейік, заң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелеріне сәйкес, жеке тұлғаларға ғимараттарға, ағаштарға, тастар мен жартастарға кез келген жазулар мен сызбаларды қолдануға тыйым салынады.

Тянь-Шань тауы сілемінің теңіз деңгейінен шамамен 1900 метр биіктікте орналасқан Қайыңды көлі Қазақстанның табиғи ең көрікті жерлерінің бірі. Көл 1911 жылы қаңтарда күшті жер сілкінісінен кейін пайда болған, нәтижесінде тау құлап, өзенді жауып тастады. Осыдан кейін алқап суға толды. Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында селден кейін көлдің ауданы қысқарды. Бүгінде су қоймасының ұзындығы 400 метр, тереңдігі 25 метр.

Қайыңды көлі Райымбек ауданында, Алматы қаласынан 300 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл туристік тамаша орын. Осы  сұлулыққа тәнті болғандар үшін  Қайыңдыға барар жолда ондаған шақырым күрделі жолдарды еңсеруге еш кедергі емес.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.