Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұрымды боксшылардың онлайн ерегісінің бітетін түрі жоқ

0 341

Боксшылар Назым Қызайбай мен Ангелина Лукастың Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында жүргенде басталған ұрыс-керістері, ерегісі әлі басылмай отыр деп хабарлады turkystan.kz.

Екеуі де бір-біріне көрінбей, онлайн ерегісіп жатыр. Ангелина Лукас Назым Қызайбайды профи-рингте жекпе-жекке шақырды.

«Жекпе-жек үш раунд емес, он раунд болу керек. Нағыз кәсіби шайқас. Асыға күтемін», – деді ол.

Қызайбай, көп ұзамай, жекпе-жекке дайын екенін айтты.

«Мен 12 раундқа дайынмын. Менің талабым – жекпе-жек алдында және өткеннен кейін допингке қарсы сынама тапсыру. Гоооу, ұйымдастырыңыздар», – деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасындағы сторисінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.