Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұралқы иттер бір үйдің 60 қойын қырып кетті

0 677

Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кетті деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, оқиға аудан орталығы Жымпиты ауылында болған.

Оның сөзіне қарағанда, кеше түнде бұралқы иттер ауыл тұрғыны Батырбек Жұбанғалиевтің қорасына кіріп, 25 қойы мен 23 қозысын өлтірген. Оған қоса, бүгін түнде иттердің тағы 10 бас қойды қырып кеткені анықталды.

«Бүгін қойға шапқан екі қаңғыбас иттің көзі жойылды. Сонымен қатар тұрғынға қораны ит кірмейтіндей етіп бекіту қажеттігі айтылды. Иттен өлген малға өтемақы қаралмаған. Аталған тұрғынға басқаша көмек көрсету жағы қарастырылып жатыр. Жалпы, ауылдарда бұралқы иттердің көбейіп, малға шауып жатқаны рас. Оларды залалсыздандыру бағытында тиісті шаралар жасалады», – деді Т.Төреғалиев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.