Қалалық қоғамдық-саяси газет

БҚО тұрғыны лотереядан ұтқан көлігін қайырымдылыққа жұмсады

0 543

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нұрлыбек Иманбаев автолотереядан ұтып алған Hyunday Accent көлігін түгелдей қайырымдылыққа жұмсады, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бөкей ордасындағы Бисен ауылында туып-өскен Нұрлыбек шекара қызметінде жұмыс істейді. Отбасылы, екі ұл, бір қыз өсіріп отырған азамат.

Нұрлыбек Иманбаевтың автолотереядан ұтып алған көлігінің құны 7 млн 519 мың теңге екен. Ұтысты ақшалай алған ол қаржының бір бөлігін Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Дәулет Жұпарбеков пен Мейірхан Бітімнің отбасына, тағы бір бөлігін оралдық үш жасар баланың еміне аударған. Енді бір бөлігі өзі туған Бисен ауылындағы мұқтаж жандарға бұйырыпты.

Бір атап өтерлігі, жомарт азаматтың өзінде жеке көлігі де жоқ екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.