Қалалық қоғамдық-саяси газет

БҚО: Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

0 253

Батыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеем жасап.

 «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 3 қаңтар күні жергілікті сағат 19.00-де бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (372-189 км, Чапаев ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сондай-ақ осы мерзімде республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-247 км, Орал қаласынан Макаров ауылына дейін) жолы да жабылды.

Жабылу себебі – жаяу бұрқасын.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.