БҚО-да 17 жастағы жасөспірім мектепте бомба жаратыны жайлы хабар таратқан. Көп ұзамай, оқушылар білім ордасынан шығарылып, аулаға жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер келіп жеткен. Алайда «бомба» жайлы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлер түсірген видеода мектеп алдында оқушылар жиналып қалған. Жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктерін көруге болады. Кадр сыртындағы ер адам баланың сұрағына жауап беріп, ешқандай да бомба жоқ екенін, біреудің қалжыңдағанын айтқанын.
БҚО полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Подстепное ауылындағы мектепке «бомба» қойылғаны жөніндегі ақпарат 10:30-да келіп түскен.
«Қазіргі уақытта Подстепной ауылының 2005 жылғы тұрғынының тұлғасы мен бұлай әрекет етуінің себебі анықталуда», – деп хабарланды полицияның баспасөз қызметінен.
Жасөспірім «Вконтакте» желісіндегі парақшасында мектепте бомба жаратыны жайлы ақпарат қалдырған. Туыстарының бірі оны байқап, полицияға хабар берген. Өзге мәліметтер анықталуда.