Қалалық қоғамдық-саяси газет

«БҚО-да инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты»

0 542

Бүгін Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Серік Маженов қайтыс болды,- деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәкен Ділдахметтің жазуына қарағанда, Серік Маженов браконьерлердің қолынан қаза тапқан болуы мүмкін.

«Алдын ала белгілі болғандай, С.Маженов браконьерлердің шабуылынан қаза болған. Мән-жай анықталып жатыр. Серікті жақсы білетін едім. Шыншыл, жақсы адам болатын. Осы салада 15 жылдан астам қызмет етті. Орны толмас қайғы! Иманды болсын», – деп жазды белсенді.

Алайда Экология министрлігі браконьерлердің шабуылы болғанын жоққа шығарды.

«14 желтоқсанда шамамен 09:30-да БҚО Теректі ауданының Ақжайық ауылының маңында Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылық бөлімінің жетекшісі, 1977 жылы туған Серік Маженов қаруды қауіпсіз пайдаланбағанның салдарынан қайтыс болды», – деп мәлімдеді министрлік.

Көп ұзамай белсенді Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желідегі жазбасын өзгертіп, «инспектордың қазасы қаруды қауіпсіз пайдаланбаудан» болғанын айтты. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.