Батыс Қазақстан облысында жол апаты орын алып, көлікте болған екі адам жанып кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 24 қазан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.
“Орал-Атырау жолының 209-шақырымында «Лада Веста» және «Лада Приора» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан автокөліктер өртенген. «Лада Приора» автокөлігінің ішінде болған екі адам жанып кетті”, – делінген БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Лада Вестада» түрлі жарақат алған 31 жастағы ер адам мен оның 30 жастағы әйелі Ақжайық аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен трассалық медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері де барды.
Полиция қызметкерлері оқиға бойынша тергеуді бастады.