Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүліктен бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді

0 248

  Жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын алдын ала есепке сәйкес 95,3 млрд теңгеден асты. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Elorda.info сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

11 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша алматылықтардың шығыны 93,8 миллиард теңгеге жеткен.

Байланыс орталығына 3 507  қоңырау түсті, соның ішінде: тонау мәселесі бойынша – 1 669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 671.

Елдің 9 өңірінде зардап шеккен 1 709 нысанда орналасқан 1 528 бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында 1 578 нысанда орналасқан 1 408  субъект зардап шеккен. Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 448; қоғамдық тамақтану – 32; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2, – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.