Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бүлікшілер көлігін өртеп кеткен»: Продюсер мәдениет нысанын күзетіп, жапа шеккен күзетшіге көмектесуге шақырды

0 88

Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мәдениет нысанын күзеткен күзетші қарақшылардың құрбаны болды. Күзетші жұмыс орнынан қашпай, қарулы күштерді күтіп тұрған сәтінде бүлікшілер оның көлігін өртеп кеткен. Отбасының жалғыз асыраушысы құны 2 миллион теңге тұратын темір тұлпарға қаражатты ұзақ жинаған. Бұл туралы отандық танымал продюсер Жан Мұқанов айтып берді, деп хабарлайды “Jambyl -Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұқанов өнер адамдарын күзетшіге қолдау білдіруге шақырды.

«Қаңтар трагедиясы» кезінде мәдениет нысанының күзетшісі оны қорғады, қашып кетпей, қарулы күштерді күтті. Ал бұл уақытта бүлікшілер оның ескі «фольксвагенін» өртеп кетіпті», – деді Мұқанов.

Продюсердің айтуынша, ол 2 тәулік күзетші болып жұмыс істеп, келесі 2 күнде такси жүргізушісі болып, отбасын асыраған.

«Көлікке ақшаны ұзақ жинаған, құны – 2 миллион теңге. 

Барлық өнер өкілдерін бастамамды қолдауларын өтінемін. 2000 адам 1000 теңгеден жіберсе, сомма толық жиналар еді.
Көмектесіп жіберейікші. Өз реквизиттерімді қалдырып, толық сомма жиналған кезде есеп беруге уәде беремін.
Карта нөмірі:4400 4301 7597 7054″, – деді Жан Мұқанов.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.