Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының Дана Кентайды құшырлана сүйген видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнежазбаны әнші қыз өзінің TikTok-тағы парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Экспресс К.
Белгілі сазгер, әнші Заттыбек Көпбосынұлы мен эстрада жұлдызы Дана Кентайдың видеосы қазнетте қызу талқыға түсті. Онда қос әнші бір-бірін құшақтап сүйіп, артынан Заттыбектің репертуарындағы «Бүлдірген» әнін орындайды.
«Бүлдіргеннің пісетінін кім білген» деп қызға қырындай қараған Заттыбекке желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
«Есің дұрыс па? Не айтып жатырсың есалаң? Сенің әпке-қарындасыңа солай айтса жақсы ма? Ақылға кел», «Дана дауысың келмейді екен, айтпай-ақ қойшы «Бүлдіргенді», «Заттыбектің ойы жаман екен», «Бүлдіріп кетпесін», — деп жазды желі қолданушылары.