Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұлақтай кәусар жырлары

0 301

  Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Түркістан облыстық әмбебап «Фараб» ғылыми кітапханасымен телекөпір өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қазақтың көрнекті ақыны, балалар жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елеубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай ақының өмірі мен шығармашылығын балаларға терең оқыту мақсатында өткен шараға екі облыстың кітапханашылары белсенді қатысты. Іс-шараға 25 оқушы, 10 қызметкер қатысты. Алдымен слайд арқылы ақынның шығармашылық ғұмыры көрсетілді. Сонымен қатар шараға №33 мектептің кітапханашысы алтын Бегимбаева және 3 сынып оқушылары қатысты. Олар өнерлерін ортаға салып, өлең оқыды. Түркістандық кітапханашылар да өз өнерлерін ортаға салып, екі облыс өзара байланыс жасап, тәжірибе алмасқан кештің соңы әдемі әнмен түйінделді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.