Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бұл өте сезімтал мәселе»: Энергетика министрі еліміздегі АЭС құрылысы туралы тоқталды

0 410

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

«АЭС құрылысы өте сезімтал мәселе, сол себептен оны салу немесе салмау туралы әлі нақты шешім қабылданған жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамдар қатарында (…) әртүрлі мәселелер қарастырылады», – деді Ақшолақов бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Ол күн тәртібінде бірінші орында «жасыл» саясат мәселесі тұрғандықтан, Қазақстан экологиялық тұрғыда лас отын болып саналатын көмірді пайдалануға шектеу қоюға мәжбүр болатынын жеткізді. Газ оның жанында таза өнім саналады, алайда оның қоры шектеулі.

«Сондықтан біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз, ал АЭС осы қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі ғана. Алайда бұл мәселе өте сезімтал, ол ең алдымен жұртшылықтың назарын бұра отырып өте нәзік әрі максималды жүргізілген зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанда қандай да бір белгіленген жерде станция тұрғызу туралы нақты шешімдер қабылданған жоқ», – деп түйіндеді министр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.