Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін – Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді елден шығаратын соңғы күн

0 398

Карантинде шекара жабық болғандықтан ЕЭО-ға мүше емес елдерден әкелінген көлік иелеріне мұндай машинамен Қазақстанда 2021 жылы 31 наурызға дейін уақытша жүруге рұқсат берілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді шетелде тіркелген көліктерді кедендік баж салығын төлеп, біздің елде тіркеу керек немесе Қазақстан шекарасынан ғана емес, ЕЭО аумағынан шығару қажет.

Кедендік талапты бұзғандарды полиция іздеп, көліктер айыптұраққа қойылады. Иесі кедендік бажды толық төлеуге міндеттеледі.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, уақытша жүру мерзімі енді ұзартылмайды.

Кеденшілердің айтуынша, Қазақстан азаматтары Беларусь пен Ресейдің көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін ескермей, ЕЭО аумағында сенімхат арқылы пайдалана алады. Ал Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді сенімхат арқылы басқаруға құқығы жоқ.

Елден шығару туралы міндеттеменің Қазақстанда уақытша тіркелген армениялық автокөліктерге (А сериялы сары нөмір) қатысы жоқ.

Мемлекеттік Кірістер комитетінің дерегі бойынша, 2020 жылы наурыздан бастап (елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері) Қазақстанға 4 708 шетелдік автокөлік уақытша кіргізілген. Қазір олардың 500-і бақылауда. Олар Әзірбайжан, Ауғанстан, Босния және Герцеговина, Германия, Грузия, Исландия, Испания, Литва, Польша, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина мен Франциядан жеткізілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.