Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұқаралық спорт дамып келеді

0 321

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 2 жыл толуы және «Туған жер» арнайы жобасы бойынша 2019 жылы Тараз қаласында өткізілетін бұқаралық-спорттық іс-шаралар тізімі:

2019 жылдың 11 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» облыстық турниріне Тараз қаласының іріктеу жарысы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізілді. Қатысушылар саны – 70 адам.

2019 жылдың 13-14 сәуір күндері батуттық гимнастикадан Тараз қаласының ашық чемпионаты №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің кешенінде өткізілді. Қатысушылар саны – 300 жуық адам.

2019 жылдың 11 сәуір күні аула ойындарынан қалалық спорттық фестивалі «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізілді. Қатысушылар саны – 924 адам.
2019 жылдың 1-2 маусым күндері жасөспірімдер арасында кіші футболдан қалалық турнир «Ақбұлақ» мөлтек ауданы, №5 кіші футбол алаңшасында өткізілді. Қатысушылар саны – 150 адам.

2019 жылдың 14-15 тамыз күндері тоғызқұмалақ спорт түрінен ардагерлер арасында қалалық ашық турнир Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында өткізілді. Қатысушылар саны – 25 адам.

2019 жылдың 17 тамыз күні «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан жасөспірімдер арасында қалалық турнир Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында өткізілді. Қатысушылар саны – 60 адам.

Өткізілген спорттық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан диплом, медаль, кубок және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар 2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасымен Рио де Жанейро (Бразилия) қаласында өткен паралимпиадалық спортшылар арасында XV Жазғы Паралимпиада ойындарында 100 м еркін жүзуде ел тарихында тұңғыш рет Паралимпиада чемпионы атанып, әлем рекордын жаңартқан Габидуллина Зульфия Раухатқызы «Жансая» (11) мөлтек ауданы, №34 үй ауласына әмбебап спорт алаңшасын салып, халықтың пайдалануына берді.

Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Тараз қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында қазақ күресінен «Жас Барыс» қалалық турнирі және қала тұрғындары арасында бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу жоспарлануда.

Оксана Борисюк,
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.