Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазына қаржысы қаншалықты игерілді?

0 105

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында сан саладағы мәселелер қаралды. Алдымен қалалық қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков ағымдағы жылдың 9 айында қала бюджетінің орындалуы туралы баяндады.

Бүгінгі күні шаһар бюджетінің кіріс бөлігі 103 пайызға игерілген. Сондай-ақ қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері толығымен орындалған.
Басқосуда қаралған келесі мәселе – шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу болды. Бүгінде Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1406 көппәтерлі тұрғын үй бар десек, оның 492-сі жөндеуді қажет етеді. Биыл республикалық бюджет есебінен қала аумағындағы 50 көппәтерлі тұрғын үй модернизациядан өтуде. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Асқаров көшесінің бойындағы 6 үйге және Телеорталықтағы №6, «Салтанат» ықшамауданындағы №35 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жиында азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі де талқыланды. Жыл басында республикалық бюджеттен 200 АЕК көлемінде 434 адамды жұмыспен қамту бекітілген. Бүгінде 264 адамға қайтарымсыз гранттар тағайындалған.
Кеңесте қала аумағында заңсыз орналасқан сауда орындарын ретке келтіру мәселесі де көтерілді. Бүгінгі күні Б.Момышұлы көшесі, «Мыңбұлақ» ықшамауданындағы «Диана» сауда орталығы мен «Қайқармет» базарына дейінгі аралықта 150-ден аса сатушы заңсыз сауда жасауда. Белгіленбеген жерлердегі сауда ошақтарын ретке келтіру мақсатында қазіргі таңда жұмыс тобы құрылып, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жиын соңында шаһар басшысы жауаптыларға әр саладағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, жұмысты тез арада жетілдіру керектігін тапсырды.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.