Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Азық-түліктің шекті бағасы белгіленді»: Мессенджерде тараған ақпарат қызу талқыға түсті

0 538

Қазақстандықтар мессенджерлер арқылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 2022 жылдың 1-3 тоқсанына арналған шекті бағасы көрсетілген құжат суретін таратуда. Хабарлама авторы дүкендерде құжатта көрсетілген бағадан жоғары болса, әкімдікке шағымдануға шақырады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Мессенджерде тараған шекті баға көрсетілген құжатқа қатысты Сауда және интеграция министрлігінде пікір білдірді.

«Сауда және интеграция министрлігі таралған ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Шекті бағаны әр аймақ үшін жеке атқарушы органдар белгілейді және олар елдің басқа өңірлерінде қолданылмайды. Хабарламада көрсетілген бағаларды Алматы облысының әкімдігі өңір бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің деңгейін жария талқылау үшін ашық көздерде орналастырды. Шекті мәндер бағалардың ауытқуын мониторингтеу және бақылау үшін бекітілгенін және ӘМАТ-қа нарықтық бағалардың жай-күйін бағалаудың бағдары ретінде қызмет ететінін атап өткеніміз жөн. Шекті мәннен асқан жағдайда шекті бөлшек сауда бағалары енгізіледі, оларды сақтамау әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады», – деп хабарлады министрліктегілер.

Сонымен қатар ведомство өкілдері қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.