Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазфосфат» ЖШС мен Дулати университеті – әлеуметтік әріптестер

0 433

Бүгінде еңбек нарығында инженер-техникалық бағытта білікті кадрларға деген сұраныс жоғары. Әсіресе, химия өндірісі дамыған Жамбыл жерінде осы салаға маманданған инженерлер, техниктер тапшы.

Өңірімізде бұл бағытта маман даярлап, еңбек нарығындағы сұранысты өтеп отырған бірден-бір оқу орны – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. Сондықтан, Жамбыл жеріндегі ең ірі кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС университетпен әлеуметтік әріптестік байланыс орнатқан.

Жалпы аталған кәсіпорын еліміздегі техник, инженер мамандарын даярлайтын бірнеше жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста. Осы бағытта арнайы жоба жасап, жас кадрларды жұмысқа тартуды дәстүрге айналдырған. Дулати университетінің 8 студенті «Қазфосфаттың» «Kazphosphate Young Professionals program» жобасының  қыркүйектен бастап іске қосылатын екінші айналымының қатысушысы атанды.

Осыған байланысты «Қазфосфат» ЖШС-нің оқыту және дамыту ісі жөніндегі бас менеджері А.Тленчиева Дулати университетінің басқарма мүшесі-зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д. Нұрмұханбеттің, технологиялық факультеттің «Химия және химиялық технология» кафедрасынының меңгерушісі Б.Масалимованың атына алғыс білдіріп, хат жолдады.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.