Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақ қыздарын мазақ етті»: Ақтаудағы мүсіндердің кескіні адам шошырлық

0 344

   Қала тұрғындарының бірі ұлттық киімдегі қыздардың мүсіндеріне көңілі толмайтынын айтып, аймақтық mangystaumedia.kz сайтына фотолар жолдаған деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мүсіндер облыс орталығындағы Ақбота паркінің жанында орнатылған.

«Бұл шағын сәулет нысандарын орнатпас бұрын әкімдік қабылдайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай сүйкімсіз дүниені жауаптылардың көзі қалай көрмеген? Бұл мазақ! Қазақ қыздарының сұлулығын мазақ ету! Өткен жылы да осы секілді қыздың мүсіні болды, біз оны ең жаман мүсін деп ойладық. Жоқ, ол суретші қазіргімен салыстырғанда Репин деңгейінде екен» деп әзілдейді қала тұрғыны.

Осы ақпараттан кейін қалалық әкімдік аймақтық БАҚ-қа пікір білдірді.

«Былтыр ұлттық киім киген екі қыздың архитектуралық мүсіні боялған. Алайда жауын шашын, күн мен желдің әсерінен мүсіннің өңі қашқан. Биыл сырлау жұмыстары қаланы абаттандыру жұмыстарының тізіміне енгізілген», – деді Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.