Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақтың қара алтыны бауырлар арқылы Батысқа барады

0 414

Баку қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Әзербайжанның Үкімет мүшелерімен кездесулер өткізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Кездесудің бірінде тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту үшін бірлескен кәсіпорынның жобасын құруды талқылап, ортақ шешімге келді. Онда Әзербайжанның Экономика министрі Микаил Джаббаров, осы елдің инвестициялық холдингінің бас атқарушы директоры Руслан Алиханов пен SOCAR компаниясы президентінің міндетін атқарушы Ровшан Наджаф қазақ әріптестерінің ұсыныстарына қолдау білдірді.

«Кездесуде біз Әзербайжан арқылы Еуропаға жүк тасымалдау туралы сөйлестік. Соның ішінде Батыс елдеріне мұнайды жеткізу мәселесін көтердік. Әзербайжандағы әріптестеріміз біздің елді барлық жағынан қолдайтындарын, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты қазақ мұнайын кез-келген жерге жеткізуге жол ашып беретіндерін айтты», – деді А.Сәтқалиев.

Естеріңізге сала кетсек, жақында АҚШ Сыртқы істер министрлігі Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсер етпейтінін, біздің елден шығатын қара алтынның бұрынғысынша «Каспий құбыр консорциумы» (ҚҚК) таратушы жүйе арқылы Еуропаға жеткізіле беретінін мәлемдеген болатын.

«Ресейде шықпаған тауарлар сол елдің аумағы арқылы өтсе де, тыйым салынбайды», – делінген еді сол хабарламада.

Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының біраз бөлігі өтеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.