Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі туралы не білеміз?

0 335

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қорғаныс министрі ретінде Руслан Жақсылықовты тағайындады.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Алматы облысы Қаскелең ауданы Киров ауылында орта мектепті бітіргеннен кейін 1983 жылы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне тактикалық командир мамандығына түсіп, оны 1987 жылы бітірді.

1996 жылы Фрунзе атындағы әскери академияны командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК бас штабы әскери академиясының жоғары академиялық курсын «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы Шымкент қалалық мәслихатының 3-шақырылымының депутаты болып сайланды.

1987 жылдан 2006 жылға дейін взвод командирінен Қазақстан ІІМ ішкі әскері құрама командиріне дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы ішкі әскер қолбасшысының бірінші орынбасары-  ішкі әскер бас штабының бастығы.

2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің қолбасшысы.

2013 жылғы 22 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскернің бас қолбасшысы.

2014 жылғы 24 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап – ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы

I, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің орденімен және КСРО, ТМД және Қазақстан Республикасының 40 медалімен марапатталған.

Ол – педагогика ғылымдар кандидаты. Әскери атағы – генерал-лейтенант.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.