Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанның бүкіл өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталады – Ақорда

0 170

Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды “Jambyl -Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай күші жойылады. Бұған дейін Президент жарлығына сәйкес, өзге өңірлерде төтенше жағдай мерзімінен бұрын алып тасталған болатын.

«Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және еркін жүріп-тұруға, елді мекендерге кіруге және шығуға, т.б. қосымша енгізілген шектеу шаралары да жойылады.

Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілді. Елімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болсын!» – деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.