Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстаннан заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейеді

0 281

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Қазақстаннан заңсыз жолмен ақша шығаруға қарсы қандай жұмыстар атқарылатынын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство басшысы бұған дейін Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін енгізіуіне байланысты шетелге ақша шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шығару қаупі артқанын айтты.

«Ұлттық банк Қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, биыл 10 қаңтарда елден заңсыз ақша шығаруды бақылауды күшейту бойынша бұйрық қабылдады. Бұл бұйрыққа сәйкес операцияларды жүргізуге өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі, сондай-ақ, күшейтілген қаржы мониторингіне жататын трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда мұндай операциялар жедел тоқтатылады», – деді Досаев Үкімет отырысында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.