Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық жаттықтырушы АҚШ-та жасөспірімге жыныстық зорлық жасады деп айыпталды

0 373

69 жастағы Эдуард Яров 14 жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық жасады деп айыпталып отыр, бұл АҚШ-та бірінші дәрежелі ауыр қылмыс саналады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Яровты Даллас полициясы мен АҚШ маршалының арнайы тобы қамауға алды. 17 желтоқсанда ол уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Әзірге қазақстандықтың заңгері бар-жоғы белгісіз. Жаттықтырушыға 200 мың доллар мөлшерінде салым белгіленген.

Яровқа қарсы айыптау құжаттары қазір құпия болып отыр. Сол себепті жапа шеккен қыз баланың аты белгісіз.

Сонымен қатар, полиция қазақстандық жаттықтырушының қолынан басқа да зардап көргендерді іздестіруде.

Эдуард Яровтың шын есімі Едіге Яров Нұрмәметұлы, ол Алматы қаласында дүниеге келген. Қырық жылдан астам уақыт бойы әлемнің әр түрпірінде гимнастикадан жаттықтырушы болып еңбек етіп келеді. Спорттық гимнастикадан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2012 жылы Яров Far North Dallas спортзалына ие болып, оның атауын Iarov Elite Gymnastics деп ауыстырған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.