Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет туу, некеге тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:
– қызметтер қойындысын ашу;
– қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» – АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру»;
– акт жазбасының түрін таңдау;
– «іздеу» түймесін басу;
– егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет);
– әрі қарай қызметке қол қою керек.
Қызмет көрсету нәтижесі мәртебелік бетте орналасқан АХАЖ ақпараттық жүйесінің мәліметтерін өзектендіру туралы ақпарат болып табылады.
#Aknur Zhagiparova:
#ПДГ
#ААҮ
#gov4c
#ЦОНвкармане
#қалтаңдағы_ХҚО