Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандықтар Coca-Cola-ның «Нағыз ғажайып» науқаны аясында қандай сыйлыққа ие болады

0 159

Осы жылдың күзінде Coca-Cola «Real Magic» немесе «Магия Момента»/»Нағыз ғажайып» атты жаңа бренд философиясын ұсынды. Жаңа жаһандық жарнамалық науқан бір уақытта әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да басталды.

«Coca-Cola-ны танымал еткен бұл әрине бірінші кезекте сусынның құпия рецепті, ал екінші орынға «маркетинг ғажайыбын» немесе «жарнамалық сиқырды» қоюға болады. 1886 жылы сусынға арналған алғашқы жарнамалық ұран – «Сергітетін және оятатын Coca-Cola-ны ішіңіз» дегеннен бастап, креативтілік пен инновациямен ерекшеленетін заманауи жарнамалық науқандарға дейін, Coca-Cola бренді әрқашан трендтер жасап келеді әрі үнемі назарда жүреді», – дейді Қазақстандағы Coca-Cola компаниясының маркетинг жөніндегі менеджері Әсем Ерланова.

Ол сонымен қатар брендтің жаңа жарнамалық тұжырымдамасын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

«2009 жылы бізде «Бақытқа құшағыңды аш» (Open Happiness) концепциясы болды. 2016 жылы «Ішіп көр… сезін» (Taste the Feeling) жарнама тұжырымдамасы іске қосылды. Онда өмірдің шынайы сезімі жайында, оның дәмін қалай алу керектігі туралы сонымен қатар дененің әрбір жасушасымен өмірден толық ләззат алу қажеттігі жөнінде айтылды. Әрине, пандемия мұның барлығын өзгертіп жіберді, бұл өз кезегінде бренд үшін өзінің коммуникациясын қайта қарауға жағдай туғызды», – деп атап өтті ол.

Осылайша «Real Magic» жаңа философиясы жарыққа шықты. Қазақ тілінде ол «Нағыз ғажайып» дегенді білдіреді.

Бұл өмірдің сиқырлы сәттері туралы ойлануға, осы сәтте, бізді және айналамыздағыларды қазір болып жатқан оқиғалардан сиқырды табуға шақырады.

«Сиқырлы сәт» аясында режиссер Дэниел Вольф пен Mathematic графикасы мен ойындарды өндіру бойынша серіктестің қатысуымен «Бір-бірінен алыста тұрған бір Coca-Cola» атты жаңа жарнама ролигі түсірілді. Бейнебаянға үш атақты геймерлер, атап айтсақ, Alan Walker (Алан Уолкер), Aerial Powers (Эриал Пауэрс) пен Average Jonas (Оверадж Джонс) қатысты.

«Сиқырлы сәт» Coca-Cola-ның танымал логотипіне де әсерін тигізді.

«Біз барлығымыз логотиптерді құтылар мен бөтелкелердің жапсырмаларында сәл дөңес, көлемді түрімен көруге үйреніп қалғанбыз. Ол бір қарағанда бөтелкені «құшаққа алып» тұрғандай әсер береді. Логотиптің бұл 3D кескіні брендтің барлық жарнамалық материалдарына, соның ішінде плакаттар мен билбордтарға көшірілген. Бұдан былай Coca-Cola логотипі өзінің артында тұрған затты «құшағына алады», – деп түсіндірді Әсем Ерланова.

Алматыда Coca-Cola Назарбаев-Сәтбаев даңғылындағы сыртқы анимациялық 3D жарнамасын, сондай-ақ жаңа жарықтандыру технологиясы бар билбордтарды көпшілік назарына ұсынды.

Акция аясында сатып алушылар ivi онлайн кинотеатрына көп деңгейлі жазылымдарды, ұялы телефон балансын толтыруды және супержүлде: бір миллион теңге сомасында бес ақшалай сыйлыққа қол жеткізе алады.

Coca-Cola бренді жарнамалық ұрандар мен суреттер ағымдағы жыл мен аудитория назарында өзекті болып қалуы үшін әр 5-6 жыл сайын өзінің жарнама тұжырымдамасын өзгертіп отырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.