Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореядағы отбасыларға көмектесуде

0 508

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде тұрмысы төмен отбасыларға көмектесуде, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы Қазақстан, Ресей, Оңтүстік Корея және Орталық Азияның басқа да елдерінің студенттері Сеулде Еуразия болашақ көшбасшыларының қауымдастығын құрды. Қауымдастық мүшелері елдер арасындағы мәдени, білім беру және іскерлік ынтымақтастықты нығайтады. Бүгінгі таңда EFLA-ның жеті ұйымдастырушысы және 36 сайты бар. Сәуір айында жастар Сеулдегі саябақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізген. Биыл олар аз қамтылған отбасыларға көмектесуді шешті.

“Оңтүстік Кореяда қараша айында күн суытып, 2 градус аязға дейін жетеді. Әрине, қар жоқ, бірақ қатты жел бар. Ауа температурасы желтоқсанда минус 10-13 градусқа дейін төмендейді. Біз алты отбасына 20 кг көмір беру арқылы көмектесуді шештік», – дейді 26 жастағы Алматы қаласының тумасы Диас.

Алматылық жігіттің қайырымдылықпен айналысқанына біраз болған. Ол студенттерге ағылшын тілін үйретуге көмектесіп, донорлыққа қан да өткізген. EFLA аясында Диас  сыртқы ынтымақтастыққа жауапты.

“Әртүрлі салада мамандар тауып, ұжыммен бірге түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. БиылҚазақстан елшілігінің, ірі кореялық кәсіпкерлердің, сондай-ақ Корея қорының ынтымақтастық хатшылығының мамандары, бірқатар профессорлар мен түрлі мамандар арнайы дәріс оқыды”, – дейді студент.

Диастың айтуынша, Оңтүстік Кореяда шамамен 30-40 мың қазақстандық тұрады, олардың 5-7 мыңы студенттер. Өкінішке қарай, бұл жақтағы қазақтар арасында ынтамақтастық жоқ, дейді ол. Көптеген қазақстандықтар тек өз ортасында ғана араласуды жөн санайды. Диас алдағы уақытта қазақстандықтар жақсы араласып, игі істерді бірге жасайды деген сенімде екенін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.