Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық ММА файтеріне оқ атқан мәскеулік күзетші ұсталды

0 188

Мәскеуде қазақстандық ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клуб күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам өзінің тұрғылықты жерінде ұсталды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, арты атысқа ұласқан кикілжің 16 ақпан күні Мәскеудің Дон ауданындағы фитнес-клубтардың бірінде болған. Күзетші қазақстандық спортшымен керісіп қалып, кейін тапаншасын шығарып, оның кеудесінен атқан. Дүйсембаевқа алты оқ тиген. Зардап шеккен Дүйсембаев Мәскеу ауруханаларының біріне жеткізілді.

«Қазақ» лақап атымен танылған Дүйсембаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Айта кетейік, Бағдат Дүйсембаев –  Түркістан облысының Шардара ауданында өскен Қызылорда тумасы. 2018 жылы спорттық мансабын дамыту үшін Мәскеуге кеткен. Top Dog пен Hardcore промоушндарында көрсеткен өнерімен танымал. Мансабындағы 8 кездесудің екеуін жеңіспен, біреуін тең есеппен аяқтаған. Ал бес кездесуде жеңіліп қалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.