Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандық бұрынғы әйелін 22 жерден пышақтаған

0 172

Қазақстандық ер адам бұрынғы әйеліне 22 жерден пышақ сұққан. Бір ғажаптың күшімен аман қалған әйелдің оқиғасын «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Юлия күйеуімен 17 жыл бірге тұрған. Соңғы екі жылда жұбайы ішімдікке салынып, жиі жанжал шығарған.

«Екінші ақпан күні ол мені ұрып-соқты, тіпті қарудан оқ атты. Ол кезде полицияға арызданбадым, бірақ бірден ажырасуға өтініш бердім. 19 мамыр күні сот болып, екеуміз ажырастық. 24 маусым күні ол маған қайта тап беріп, қылқындыруға тырысты. Сонда полицияға арыздандым. Оны есепке алып, маған жақындауына тыйым салды», – дейді Юлия.

Ал үшінші қыркүйек күні Юлия үйінен заттарын алып кетуге келген. Сонда бұрынғы күйеуі оған 22 жерден пышақ сұққан. Әйел бір ғажайыптың күшімен аман қалған.

Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов күдіктінің сол күні ұсталғанын хабарлады.
«Адам өміріне қол сұғу фактісі Еңбекшіқазақ аудандық полиция департаментінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу бөлімше тергеушілеріне тапсырылды», – деді Абдрахманов.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесін облыстық департамент қадағалауға алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.