Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда жылу бағасы арзандады

0 390

Қазақстанда орталық жылыту жүйесінің тарифті соңғы жеті айдағы көрсеткішпен салыстырған да 1,2%-ға қысқарған деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы үш жылда осы маусым кезінде жылытудың арзандағаны байқалады.

Energyprom.kz-ның хабарлауынша, өңірлерде жағдай сәл өзгеше.

“Еліміздің 17 өңірінің 13-інде орталық жылу тарифтері өсті. Қымбаттау Ақтөбе облысында жылына 15,2% -ға, одан кейін Ақмола және Қарағанды облыстарында байқалды.

Үш өңірде тарифтер төмендеген, айтарлықтай бағасы төмендеген өңір Түркістан облысында: бірден 40,5%. Сондай-ақ, Қостанай облысында (6,7% – ға) және Алматыда (3,2% – ға) байқалды”, – дейді сарапшылар.

Қазақстан бойынша орталықтан жылытудың орташа тарифі 1 Гкал үшін 3522 теңгені құрады.

Ірі қалалар мен мегаполистер арасында тариф Көкшетауда 1805 теңгеден басталса, Атырауда 5383 теңгеге дейін жетеді. Жылыту бойынша ең қымбат қалаларға Шымкент пен Алматы, Атырау кіреді.

Ең төмен тарифтер солтүстік өңірлерде байқалады: Көкшетаудан басқа Павлодар және Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.