Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда жалған екпе құжатымен ұсталған қажылар 2 мың доллардан астам айыппұл төлейді

0 319

Қазақстанда жалған екпе құжатымен ұсталған қажылар 2 мың доллардан астам айыппұл төлейді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы кіші қажылыққа қойылатын талаптар күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасиетті Меккеге баратын қазақстандықтар Сауд Арабиясы аумағына кіруге жарамды деп бекіткен вакцинаны ғана салдыруы керек.

Араб елі мақұлдаған 4 препараттан бізде тек Pfizer вакцинасы бар. Діни басқарма қасиетті Мекке мен Мединаға барып бес парыздың бірін орындағысы келетін отандастарымызға аталмыш америкалық екпенің екі компонентін ақылы түрде алуға шақырады.

Ұмра қажылығына баруға бір ай бұрын рұқсат берілген. Осы уақыт аралығында мұсылман парызын өтеуге аттанған отандастарымыз жетерлік. Елімізде кіші қажылықты өтеймін деушілер әлі де көп. Бірақ олар санитарлық талапты қатаң сақтауға тиіс. Мүфтият жалған екпе құжатын жасап алғандар 2 мың 667 доллар айыппұл төлейтінін ескертіп отыр.

Дәрігерлердің кеңесімен Pfizer вакцинасын қабылдаған кез келген азамат сенімді деп табылған қажылық компанияларының бірімен заңды жолмен ұмра қажылығын атқарып қайтуына болады.

Қазір кіші қажылық өтеуге ниет еткендердің қатары көбеюде. Мекке мен Мәдина қаласындағы мешіттерде күніне бірнеше рет залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп, қажылардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.