24 қазан ресми түрде Кітапханашы күні болады. Құжат Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: «38-1. Кітапханашы күні – 24 қазан«, – делінген құжатта.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.