Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандағы колледждерде оқу тегін болмақ

0 417

Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов колледждерде білім алу мүмкіндігін тегін қылу жоспарланып жатқанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Колледждерде оқуға ниет білдерген 9-сынып түлектерін 100 пайыз тегін оқумен қамту жоспарлануда. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын бітірместен оқу орнын тастап кететін жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан жастардың, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектерін колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалатын болады”, – дейді вице-прмьер.

Сондай-ақ, ол биыл елімізде 200-ден аса мектеп салынатынын атап өтті.

«Жалпы, биыл кемінде 200-ден аса жаңа мектеп салынады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай орын тапшылығын, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толықтай шешетін боламыз», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.