Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандағы көлік иелерінің орташа жасы қандай?

0 229

Қазақстан автобизнес қауымдастығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, елімізде көлік иелерінің орташа жасы – 39 жас. Бұл туралы turkystan.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Деректерге сүйенсек, жаңа көлікті көбінесе 35-44 жастағы адамдар тізгіндейді екен. Ал жалпы автөкөлікті көбіне 35-44 жастағы әйелдер мен 25-34 жастағы ер адамдар жүргізеді.

«Сауалнама қорытындысы бойынша, Hyundai Cresta және Nissan Qashqai маркалы көліктерінің жартысы әйелдерге тиесілі екен. Респонденттердің 63%-дан астамы Kia Picanto көлік маркасын әйелдерге арналған көлік деп есептейді. BMW маркалы көлігінің иелері орташа есеппен 34 жаста. Ал UAZ автомобиль иелері орташа есеппен алғанда 44 жаста», – делінген хабарламада.

Барлығы 73 мыңнан астам сауалнама өңделген. Олардың негізінде еліміздегі көлік иелерінің жасы бойынша автомобиль брендтерінің рейтингі жасалынды.

Айта кетсек, елімізде танымал көлік маркалары – Toyota, Hyundai, Kia, Volkswagen, Audi және Lexus.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.