Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда сүт қымбаттады

0 496

Қазақстанда жыл басынан бері сүт бағасы 17 пайызға өсті деп хабарлады turkystan.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар – мамыр айларында сұйық сүт пен кілегей өндірісі алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмендеп, 235,3 мың тонна болды. Бұл – алты жыл ішінде өндіріс көлемінің бірінші төмендеуі. Сүттің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарында өндірілген.

Қазақстандық зауыттар сүт пен кілегейге сұраныстың 95,9 пайызын қамтамасыз етті. Шетелден әкелінген сүт пен кілегейдің үлесі 3,7 пайыздан 4,1 пайызға дейін өсті. Ішкі нарықта өткізу көлемі 3,7 пайызға, 192 мың тоннаға дейін қысқарса, ал экспорт екі есеге, 5,6 мың тоннаға дейін төмендеді.

Маусым айының қорытындысы бойынша сүт бағасы 2,4 пайызға, ал жыл басынан бері бірден Осы жылдың бірінші тоқсанында шикі сүтті тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен 3,5 литр болған. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бес пайызға аз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.