Ел ішінде Ресейдің әншілері мен әртістеріне байкот жариялау туралы ұсыныстар көбейіп жатыр деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде 5 наурызда астананың төрінде өтетін «Самая, самая» комедиясы, 10 наурызда Алматыдағы Республика сарайында болатын Валерий Леонтьев пен 27 сәуірге жоспарланған Анна Седокованың концерттеріне наразы топ байкот жариялауды ұсынды.
«Басқыншы елдің байырғы әншісымақтарын басымызға шығарып, байытқанша, неге өзіміздің талантты өнерпаздарымызды қолдамаймыз?!», «Қазақтың қалтасынан қызыл ақшаны соларға бергенше, елдің жағдайына неге жұмсамаймыз?!» деген мағынада пікірлер айтылып жатыр.