Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда онлайн мектептер мен колледждер пайда болуы мүмкін

0 529

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда онлайн мектеп мен колледждер бойынша норма заңды түрде бекітілуі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта онлайн білім беруге арналған біліктілік шарттары да жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Пандемия барлығымыз үшін үлкен сын болды. Жүйені бір сілкінтіп алды. Әрине, онлайн білім беруге әр түрлі көзқарас болуы мүмкін, дегенмен мұның шындыққа айналғанын түсінуіміз керек. Біз онлай мектептер мен онлайн колледждер бойынша норманы заңды негізде бекіту үшін шара қабылдағымыз келеді», – деді ол тамыз конференциясында.

Асхат Аймағамбетов бұл мәселенің алдын ала талқылаудан өтетінін айтып өтті.

“Қазір ғаламтордың шекарасы жоқ. Егер балалар біздің елде белгілі бағыттар бойынша онлайн колледжде білім ала алмаса, мұны өзге елдердің онлайн колледждерінде оқи алады. Сондықтан бізге мәселенің жоқ екенін айтудан гөрі, мәселені шешім, заңдастыру керек», – деп қосты ол.

Министр мысал ретінде шетелдік тәжірибені келтірді. Мысалы, Ресейдегі Фоксфорд онлайн мектебі 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін білім беріп, мемлекеттік үлгідегі аттестат ұсынады. Ал оқыту бағдарламасына барлық пәндер қосылған. Білім беру ақылы негізде жүргізіледі.

Ұлыбританияда онлайн мектептер тіркеле алады. Мұнда мұғалімдер онлайн режимде сабақ береді. Тек химия пәні ғана зертханалық тәжірибе жасалғандықтан, онлайн режимінде өтпейді.

Айта кетейік, бұған дейін Аймағамбетов келесі жылдан бастап барлық мектептердің бес күндік оқуға ауысатынын айтқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.