Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда онлайн-казино жарнамасына тыйым салу ұсынылды

0 186

Қазақстанда депутаттар онлайн-казино мен букмекерлік кеңселер жарнамасына тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Дана Нұржігіт депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенатордың сөзінше, бүгінде елімізде құмар ойындарға 350 мың адам тәуелді. Ал олардың әр қайсысының орташа қарызы 10 миллион теңге екен. Әрі жылдан-жылға бұл көрсеткіш өсіп келеді дейді. Депутат мұндай жағдайда шұғыл шара қабылдауды талап етті.

Қазір елімізде 7 лицензияланған казино мен 30 букмекерлік компания бар. Оларда қаржы айналымы 170 миллиард теңгеге тең.

«Үкіметтен букмекерлік кеңселер жарнамасына толығымен тыйым салу үшін заң жобасына тиісті өзгерістер енгізуді сұраймыз. Құзырлы орган құмар ойынға тәуелді азаматарды тіркеуге алуы қажет. Ойын бизнесі нысандарының әлеуметтік жауапкершілігін нығайту үшін жұмыс жүргізу керек. Сонымен қатар құмар ойындардың әсерін азайту үшін қатаң шаралар қабылдаған жөн», – деді Дана Нұржігіт премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап.

Айта кетейік, бұған дейін Бейнеуде ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жіберген еді. Ол мұны жастар өз қателігін қайталамау үшін жасағанын мәлімдеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.