Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда онлайн емдейтін емшілер көбейді (ВИДЕО)

0 244

Пандемия басталғалы елімізде онлайн емдейтін емшілер көбейген. Қазір телефонның арғы жағында отырып-ақ шыққан қолды салатын, дертіңе дауа тауып беретіндер бар деп хабарлады turkystan.kz Аstanatv.kzке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қашықтан қабылдаймын деген жарнамасын оқып бір емшіге хабарласқан едік. Ол суретім мен алдын ала төлем жасауды сұрады. Сурет жіберілді, ақша төленді. «Иығым маза бермей ауырып жүр» дей салдық. «Сіздің жауырыныңыз жабысқан. Қатты жабысқан. Жауырыныңызды ашу керек. Қазір маған 1 стаканға су құйып суретке түсіріп жіберіңіз ватсапқа. Мен сізге сол суды оқып беремін. Соған тұз араластырып жауырыныңызға жағасыз»  деп салды. Жасыратыны жоқ, «жуырыныңды онлайн ашып беремін» дегенде біраз таңданып қалдым. Қызық мұнымен бітпеді. Беттің арын белге байлаған әйел енді денсаулығың мазаламайтындай етіп оқып беремін деп уәде берді. Тек өзі айтқан «ставкасын» берсем болғаны.

«Онлайн түрде де осындай бір әртүрлі, шариғатымызға, ислам дініне қарсы келетін жолдармен ақша тауып, адамдарды алдап, арбап, тіпті осы арқылы дінге де қарсы шығып кеткен кісілерді қоғамда көріп жатамыз. Сондықтан , әлбетте, мұндай нәрселерге дініміз қарсы», – дейді «Әлжан ана» мешітінің наиб имамы Азамат Ақтанов

Ал психотерапевт Лаура Жексембаева адамдар көріпкелдің алдына өмірден соққы алып, өзегі талғанда, байлығынан айырылып, бақытын жоғалтқанда көп баратынын айтты. Сондай-а, маман ем іздеп тәуіп аралап жүргендердің көбеюі тұрғындардың психологиялық тұрғыдан сауатсыз екенін көрсететі дейді.

«Адам тіректі сырттан іздей бастайды. Яғни, қандай да бір бақсы оған «мен сенің мәселеңді шешіп беремін, көмектесемін»  деп үміт сыйлайтын болса ол адам тез монипуляцияға ұшырап, оның айтқанынын барлығын істеуге көндігеді», – дейді психотерапевт Лаура Жексембаева.

Ем іздеймін деп қалтадан қағылып жүрген жұрт балгерге барар алдында соқыр сенімнің жетегінде қалай кетіп қалғанын байқамай қалады. Ал дәл осылай көпті алдайтын көріпкелдерге құрық салатын заң әзірге біздің елде болмай тұр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.